Қызыл теңізде АҚШ әскери кемесі мен танкерлеріне шабуыл жасалды

462

Оқиға кезінде зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Қызыл теңізде АҚШ әскери кемесі мен танкерлеріне шабуыл жасалды Фото: pixabay.com

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, Йеменнің хуситтер бақылауындағы аудандарынан Қызыл теңіздің оңтүстігіндегі халықаралық теңіз жолдары арқылы кемеге қарсы баллистикалық зымырандар атылған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты CENTCOM порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбі күнін, Қызыл теңіздің оңтүстігін "Өркендеу күзеті "операциясы аясында патрульдеумен айналысқан АҚШ әскери эсминеці "USS Laboon" Қызыл теңіздің оңтүстігінде шабуылға ұшыраған екі кемеден апат сигналдарын алды.

Апат сигналын Норвегия туын көтеріп жүрген "Blaamanen" танкері мен Үндістан туы астында Габонға тиесілі "Saibaba" танкері берген.

Алайда, "Blaamanen" танкерінің экипажы хуситтердің жауынгерлік ұшқышсыз ұшағы өтіп бара жатып, кемеге соғылмағанын хабарлады. Екінші танкердің "Saibaba" жолы болмады және ол ұшқышсыз шабуылға ұшырады.

Содан соң, "USS Laboon" апат сигналдарына жауап берді. Осыдан кейін, америкалық эсминец йемендік хуситтер оған қарсы бағытталған 4 ұшқышсыз ұшақты атып түсірді.

Оқиға 7 қазаннан бері хуситтердің коммерциялық кемелерге жасаған шабуылдарының жалпы санын 15-ке жеткізді.

Сондай-ақ, хуситтер бақылауындағы аймақтардан теңіз жолдарына екі баллистикалық зымыран атылды, бірақ бірде-бір кеме зақымданбады.

Бұдан бөлек, йемендік хуситтер Израильдің Газа секторындағы соғысына жауап ретінде Қызыл теңіздегі коммерциялық кемелерге зымырандық және ұшқышсыз шабуыл жасау науқанын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу