Қызылорда қаласына жұмыс сапары барысында Тамара Дүйсенова бірқатар нысанды аралады

451

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласына жұмыс сапары барысында Тамара Дүйсенова бірқатар нысанды аралады Фото: gov.kz

Сапар барысында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы мен Талсуат ауылындағы Мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту орталығына, сондай-ақ Шиелі ауылындағы Балаларды оңалту орталығына барды.

Еңбекминнің басшысы медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысып, мекемелердің ұжымдарымен және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылармен (бұдан әрі – АӘҚ) кездесті. Кездесулер барысында Министр Әлеуметтік кодекс жобасында мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің ынтымақты қатысуына баса назар аудара отырып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту көзделіп отырғанын айтты.

Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова Қызылордадағы "Компания Гежуба Шиелі Цемент" ЖШС-де болды. Еңбекминнің басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Министр сондай-ақ кездесуге қатысушыларды кәсіби дағдыларды, оның ішінде өз бетінше алған дағдыларды, сондай-ақ бейресми және информалды білім беру нәтижелерін тану шарттарын заңнамалық деңгейде бекіту туралы хабардар етті. Бұл қазақстандықтар үшін жұмыс іздеуде жаңа перспективалар ашады, сондай-ақ азаматтарды біліктілігін арттыруға ынталандыратын болады.

Кездесу барысында Тамара Дүйсенова кәсіпорын жұмыскерлерінің сұрақтарына толыққанды жауап берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу