Қызылорда қаласында медбикені ұрған әйел сотталды

127

Оған 1 жыл мерзімге бостандықты шектеу жазасы тағайындалды.        

Қызылорда қаласында медбикені ұрған әйел сотталды Фото: bureau.kz

Қызылорда қаласының №2 соты жергілікті тұрғын әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы дәрігердің қабылдауына кезексіз кірген. Оған ескерту жасалған соң, әйел мен медицина қызметкері арасында жанжал болған.

Жанжал барысында әйел медбикенің жағасынан ұстап, қол жұмсап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Оқиға амбулатория қызметкерлері мен куәгерлердің наразылығын туғызды.

Сот шешімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу