Қызылорда маңында АН-2 ұшағы құлады

1115

Ұшақ бортында 2 адам болған. 

Қызылорда маңында АН-2 ұшағы құлады Фото: sputniknews.kz

Қызылорда қаласының маңында АН-2 ұшағы құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 4 шілде таңғы сағат 07.00-де болған.

"Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш егістігін өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады. Ол бірнеше сағаттан соң техникалық ақау салдарынан егін алқабына құлаған", - деп жазылған хабарламада.

Ұшақ бортында 1954 және 1967 жылдары туған екі пилот болған. 
"Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық", - деп жазылған.
Ұшақ "Илиса" компаниясына тиесілі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу