Қызылорда маңында жүк көлігі өртенді

1475

Бұған дейін Қызылордада газ баллонының жарылып, тұрғын үйде өрт шыққан болатын.  

Қызылорда маңында жүк көлігі өртенді

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автожолдың Қызылорда қаласына жақын тұсында "Mercedes" жүк көлігінің кабинасы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жалынды жеті минут ішінде сөндіріп үлгерді. Өрт салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ. Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын жүк көлігінің иесі ешқандай дәрігерлік көмекке жүгінбеген.

"Өрт сөндірушілер барған уақытта жүк көлігінің кабинасы мен үш дөңгелегі жанып жатқанын көрген. Алдын ала жасалған болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Оқиға орнында арнайы зертхана жұмыс жасады. Келген шығын мөлшері анықталуда. Биыл "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автожолдың Қызылорда облысы аумағында 19 өрт оқиғасы тіркелген", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу