Қызылорда мен Ақтөбе арасында төрт жолақты жолдың құрылысы 2 жылда бітеді

127

"Батыс Қытай – Батыс Еуропа" көлік дәлізінің Қызылорда – Ақтөбе арасындағы бөлігі – тар, көлік апаттары жиі болып жатады.  

Қызылорда мен Ақтөбе арасында төрт жолақты жолдың құрылысы 2 жылда бітеді Фото: primeminister.kz

Бұл мәселеге Құрылтайда Мемлекет басшысы арнайы тоқталып, осы жолды кеңейтуге тапсырма бергенін айтқан еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде, төрт жолақты күре жолдың құрылысы басталады. Бұл жаңалыққа әсіресе, алыс сапарда жүретін көлік жүргізушілері мен жол бойындағы елді мекендердің халқы ерекше қуанып отыр.

Жол азабынан құтылатын күн алыс емес. Ақтөбе мен Ұлғайсын ауылына дейінгі жол бірінші техникалық санатқа сәйкес төрт жолақты болады. Оның алғашқы 28 шақырымы былтыр жыл соңында қолданысқа берілген еді.

Құрылыс жұмыстары көктемде қайта жанданады. Жауаптылар төрт жылға есептелген жобаны 2 жылда аяқтауды көздеп отыр.

"Қалған участоктің 262 шақырымы биыл басталады. Сонымен қатар батыс пен шығыстың арасындағы жол бойынша да "Орталық-Батыс" дәлізі аясында Ырғыз-Торғай-Арқалық" жолы биыл басталады. Мердігер бар. Карьер, соларды рәсімдеу бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр", – деп мәлімдеді "Қазавтожол" ҰК" АҚ облыстық филиалының директоры Айбол Данағұл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу