Қызылорда облысы былтыр байланыс қызметінен 3 млрд теңге пайда тапқан

741

Қызылорда облысы былтыр байланыс қызметінен 3 млрд теңге пайда тапқан

Өткен жылы Қызылорда облысындағы байланыс мекемелері тұтынушыларға 5,1 млрд теңгенің қызметін көрсеткенін. Бұл туралы  облыстық статистика департаментінің басшысы Мәриям Баекеева баспасөз жиынында мәлім етті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Олардың бұл қызметтен тапқан таза табыстары 3 млрд теңгені құраған.

Былтыр аймақтағы демографиялық көрсеткіш те оң динамика байқатты. Жалпы соңғы он жылда облыс тұрғындары саны 140 мыңға өсіп, өткен жылғы 1 мамырдағы есеп бойынша 769,5 мың адамға жетті.  

"Статистикалық деректе облыстың 100 тұрғынына 7 зейнеткерден, гендерлік аспекті бойынша 1000 әйелге 999 ер адамнан келеді.  Сонымен қатар, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 7,5 пайызға артты. Бұл ерлерде 68, ал әйелдерде 76 жастан сәл асады", – деді департамент басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу