Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің басшысы тағайындалды

500

Аталған қызметке Ернар Әбсейітұлы Мақажанов тағайындалды.

Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің басшысы тағайындалды Фото: gov.kz

Ернар Әбсейітұлы Мақажанов 1981 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.

Еңбек жолын 2005 жылы жедел бөлімшелерде, оның ішінде Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде (қаржы полициясы) қызмет етуден бастады. 2015-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшысы лауазымдарында қызмет етті.

2017 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында басшылық қызметтер атқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу