Қызылорда облысына 105 млрд теңге инвестиция тартылған

851

2021 жылғы 6 айда Қызылорда облысына инвестиция тартылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызылорда облысына 105 млрд теңге инвестиция тартылған

Облыстық "Кызылординские вести" газетінің мәліметінше, бірінші жартыжылдықта өңірде 344,7 млрд теңгенің өнімі шығарылған, қайта өңдеу өнеркәсібі 14,6% өсім көрсеткен.

Соңғы 6 айда Қызылорда облысына 104,7 млрд теңге инвестиция тартылған, әрі 25,7 млрд теңге сомасына құрылыс жұмыстары орындалды. Нәтижесінде 297,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

"Биыл өңірде "Orda Glass ltd" ЖШС табақ шыны өндіру және қайта өңдеу бойынша зауыт салынады. 1500 тонна көлемінде тауық етін өндіру бойынша "Қармақшы құс" компаниясы іске қосылады. "Аралтұз" АҚ-ның ас тұзын өндіру және "Qazaq Qamel" ЖШС түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау жөніндегі жобасы жүзеге асырылуы керек", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу