Қызылорда облысында 306,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

1190

Қызылорда облысында 306,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 306,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінгі күні облыс тұрғын үй құрылысының көлемі бойынша республикадағы көшбасшы 4 аймақтың қатарында. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов хабарлады.

"Бүгінгі күні аймағызда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері Қызылордада мемлекет қаражаты есебінен 980 пәтерлік 19 тұрғын үй пайдалануға берілді. Тағы 1809 пәтерлік 41 көпқабатты үй жыл соңында көпшіліктің игілігіне беріледі. Аталған көпқабатты тұрғын үйлердің 11-і халықтың әлсіз қорғалған топтарына арналмақ" - деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетерлігі, соңғы 4 жылда  Қызылорда қаласында жаңадан 11 мөлтек аудан бой көтерген. Сонымен қатар 6600 адамға жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу