Қызылорда облысының Сырдария ауданында жүгеріні кептіру және сақтау кешені іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл – құны 40 млрд теңге болатын жүгеріні терең өңдеу зауытын салу жобасының алғашқы кезеңі.
"Қызылорда крахмал-сірне зауыты" ЖШС жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаның мақсаты – ауыл шаруашылығын әртараптандыру және өңірде жүгері өндірісін дамыту.
Кешеннің ашылу рәсіміне облыс прокурорының міндетін атқарушы Нұрболат Дүйсенбаев пен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ прокуратура әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды 8-700-156-11-66, 27-77-47 телефондары немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырды.