Қызылорда облысында 54 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдік жасалған

591

8 мыңнан аса кәсіпкер міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемінен босатылды.  

Қызылорда облысында 54 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдік жасалған

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті. 

"Өңірдегі 8 мыңнан аса кәсіпкер міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемінен босатылды. Сондай-ақ жыл соңына дейін 194 шағын және орта бизнес субъектісі жалдау ақысынан да босатылды. Шамамен 9 мың кәсіпкердің 11 млрд теңгеден аса қарызы бойынша төлемі кейінге шегеріліп, қайта құрылымдалды", – деді облыс басшысы. 

Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше Қызылорда облысында мейрамхана бизнесімен 128 нысан айналысады. Қазір олардың көпшілігі мейрамхана тұрақсыз бизнес екенін түсінген. Сол себепті кәсіпкерлер тұрақты табыс әкелетін салаға бағатын ауыстырған. 

"Өңірдегі 10 тойхана қызметін басқа салаға бағыттады. Бірі балалар ойын алаңы мен тәттілер шығаратын цех ашыты. Келесісі сусындар және лаваш шығару өндірісін іске қоспақ. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды басқа да кәсіпкерлермен де жалғастырудамыз", деді облыс әкімі. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу