Қызылорда облысында 6 күріш өндірушіге қатысты бағаны көтерудің негізділігіне тексеру жүргізіледі

351

ҚМА облыста күріш бағасының қымбаттауын анықтады. 

Қызылорда облысында 6 күріш өндірушіге қатысты бағаны көтерудің негізділігіне тексеру жүргізіледі Фото: Ulysmedia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің талдау тобы 9 ірі күріш өндірушілердің баға белгілеуіне талдау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның нәтижесі бойынша облыстық БҚДА 6 кәсіпорынға қатысты бағаны көтерудің негізділігіне тексеру тағайындады.

Қалған кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік дүкендерінде одан әрі сату үшін облыстың тұрақтандыру қорына бағаны бір келісі үшін 420 теңгеден 350 теңгеге дейін төмендетуге келісім берді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің келісін 350 теңгеден аспайтын бағамен сату мәселесі жергілікті атқарушы орган мен "Байқоңыр" ӘКК арасында қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу