Қызылорда облысында алимент төлеуден жалтарған 32 борышкерге іс қозғалды

368

Прокуратура мәліметінше, 12 адам сот үкімімен жауапқа тартылған.  

Қызылорда облысында алимент төлеуден жалтарған 32 борышкерге іс қозғалды Фото: bugin.kz

Қызылорда облысында алимент төлеу міндетін қасақана орындамаған борышкерлерге қатысты 32 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, істер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қозғалған. Бұл бап алимент төлеуден жалтарғаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасын қарастырады.

Қазіргі таңда 12 борышкерге қатысты айыптау үкімі шығарылған. Бес қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылса, үш іс сот қарауында жатыр. Қалған 12 іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мәселен, "Ж.А." есімді борышкер 2023 жылдан бері жиналған 12 млн теңге алимент қарызын төлеуден жалтарған. Осы іс бойынша Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Прокуратура ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырау міндеті заңмен бекітілгенін еске салып, алимент төлеу міндетін уақытылы орындауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу