Қызылорда облысында балабақша есепшісі 21,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

187

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  

Қызылорда облысында балабақша есепшісі 21,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді Фото: AI Atameken Business

Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақша есепшісі өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 21,5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокуратура жүргізген талдау нәтижесімен балабақша есепшісі 4 жыл ішінде штаттық кесте бойынша бекітілген жалақыдан жоғары мөлшерде өзінің банктік шоттарына қосымша қаражатты негізсіз аударғаны анықталды.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық іс тергеп-тексеру үшін Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу