Қызылорда облысында бір айлық сәби ТЖМ тікұшағымен ауруханаға шұғыл жеткізілді

124

Қызылорда облысының Төретам кентінен бір айлық сәби шұғыл түрде Қызылорда қаласына эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қызылорда облысында бір айлық сәби ТЖМ тікұшағымен ауруханаға шұғыл жеткізілді Фото: ТЖМ

Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін кезекті санитарлық рейсті ТЖМ "Қазавиақұтқару" авиакомпаниясының тікұшақ экипажы орындады.

"Әуе кемесінің бортында экипажбен бірге баланы ертіп жүрген медицина қызметкерлері болды. Ұшқыштардың кәсібилігі мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Бала медициналық мекемеге жеткізілді және мамандардың бақылауына берілді", – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу