Қызылорда облысында бойжеткен туған әкесінен алимент талап етті

171

Ол сотқа арыз берген.  

Қызылорда облысында бойжеткен туған әкесінен алимент талап етті Фото: primelegal.kz

Байқоңыр қаласының тұрғыны әкесінен 21 жасқа толғанға дейін алимент төлеуді талап етіп, сотқа жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты Қызылорда облыстық сотына сілтеме жасап.

Байқоңыр қалалық сотында бойжеткеннің әкесінен алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды. 

"Талап қоюшы қазіргі таңда өзінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын, соған байланысты материалдық көмекке мұқтаж екенін, алимент бойынша өзара келісімнің жоқтығын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін әкесінен 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2026 жылы – 108 125 теңге) алимент өндіруді сұраған", – делінген сот таратқан хабарламада. 

Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 21 жасқа толғанға дейін ай сайын келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу