Қызылорда облысы ТЖД-нің "112" қызметіне дабылды хабарлама түседі. Онда тас жолдан 35 шақырым жерде, жетуі қиын "Телікөл" аймағында автокөлік тұрып қалғаны айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іздестіру жұмыстары жолсыз әрі батпақтың салдарынан күрделене түсті. Зардап шеккендерге жету үшін жоғары өтімді техника жұмылдырылды.
Аумақты әуеден барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып, үйлестіру спутниктік байланыс арқылы жүргізілді.
Іздестіру тобы таңертең 4 ер адамды тауып алды. Құтқарушылар оларды даладан эвакуациялап, облыс орталығына жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу