Қызылорда облысында ғасырлық тарихы бар вокзалдар қайта жаңғыртудан кейін ашылды

340

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Қызылорда облысында ғасырлық тарихы бар вокзалдар қайта жаңғыртудан кейін ашылды Фото: gov.kz

1903 жылы салынған Қазалы вокзалы заманауи инфрақұрылымға ие болды. Оның ауданы 1 мың шаршы метрден асты. Станция арқылы 24 жолаушылар пойызы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1976 жылы салынған Жаңақорған вокзалы толығымен жаңартылды. Үш қабатты ғимараттың ауданы 922,3 шаршы метрге дейін артты. Станция арқылы Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Көкшетау, Маңғыстау облыстарымен, Оралмен, Түркістанмен, Петропавлмен, сондай-ақ Ресеймен және Өзбекстанмен байланысты қамтамасыз ететін 30 пойыз өтеді.

1904 жылы салынған Шиелі станциясы да толығымен жаңартылды. Ғимараттың ауданы 636,4 шаршы метрді құрайды. Станция арқылы Алматы, Астана, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарымен, Оралмен, Көкшетаумен, сондай-ақ Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен байланысты қамтамасыз ететін 26 пойыз жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу