Қызылорда облысында қай жолдар жөнделіп жатыр

772

Биылғы жылдың соңына қарай жолшылар облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 75%-ға дейін жеткізіп, қазіргі көрсеткішті 5%-ға ұлғайтуды көздеп отыр.

Қызылорда облысында қай жолдар жөнделіп жатыр

Осы құрылыс маусымында Қызылорда облысында жергілікті желінің 45 жобасы жол жұмыстарымен қамтылып, 2021 жылдың соңына қарай олардың 21-і пайдалануға беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 2381 шақырымды құрайды. Бүгінде нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесі 70%.

Қазір облыста жөндеу жұмыстарымен 248 шақырым жол қамтылған. Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы басты көше жолының "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолымен, сондай-ақ аудандық маңызы бар "Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс" автожолымен түйіскен жерінде көлік айырығының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар "Әйтеке би-Қазалы" жолын, "Самара-Шымкент-Екпінді", "Әйтеке би-Басықара" және "Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария" жолдарындағы көпірлерді, сондай-ақ Есет батыр елдімекеніне кіреберісті реконструкциялау жүргізілуде.

Сонымен қатар Қызылорда облысында биыл жергілікті желінің 31 автожол жобасына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу