Қызылорда облысында қаруға қатысты 29 құқық бұзушылық анықталды

252

Облыста қару иелерінің 600-ге жуық мекенжайы тексерілді.  

Қызылорда облысында қаруға қатысты 29 құқық бұзушылық анықталды Фото: gov.kz

Қызылорда облысында 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша 600-ге жуық тексеру жүргізді.

Нәтижесінде қаруды сақтау талаптарын бұзған 18 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қаруды тасымалдау және тіркеу мерзімдерін бұзған 11 қару иесіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полицияның мәліметінше, іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақталған және айналымдағы қару-жарақты анықтау, азаматтық және қызметтік қарудың сақталуы мен пайдаланылуын бақылауды күшейту, сондай-ақ қаруға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Полиция департаменті азаматтарды қаруды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу