Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

1637

Ауа райының қолайсыз болуына байланысты "Қызылорда-Павлодар-Успенка" автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды Фото: Kazinform

Бүгін, 10 наурызда сағат 08.40-тан бастап республикалық маңызы бар "Қызылорда-Павлодар-Успенка" автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

"Ұлытау облысында ауа райы нашарлауы байқалып тұр. Жаңбырдан кейін жолдың жоғарғы қабаты бұзылған. Осыған байланысты республикалық маңызы бар "Қызылорда-Павлодар-Успенка" автомобиль жолының Қызылорда қаласының шекарасынан бастап Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу