Қызылорда облысында қыш тақталар шығаратын зауыт салынады

1265

Жоба құны – 47,3 млрд теңге.

Қызылорда облысында қыш тақталар шығаратын зауыт салынады

2021 жылы Қызылорда облысында қыш тақталар шығаратын зауыт ашылмақ. Бұл туралы өңірдің индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

"Кәсіпорын құрылысын түрік компаниясы Rino Asia қаржыландырады. Қазіргі кезде зауыттың жобалық-сметалық құжаттары дайындалу үстінде. Бүгінде жобаның жалпы құны – 47,3 млрд теңгеге бағалануда. Кәсіпорынның құрылысы 2020 жылы басталуға тиіс",– деді басқарма мамандары.

2021 жылы зауыт құрылысы толық аяқталып, өнім шығара бастайды деп жоспарлануда. Кәсіпорын іске қосылған соң жылына 21 млн шаршы мерт қыш тақта шығармақ. Жоба 500 адамды жұмыспен қамтымақ.

Болашақта зауыт шығаратын қыш тақталардың 60%-ы ел аумағында сатылады. Ал қалған 40%-ы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан мен Ресейге экспортталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу