Қызылорда облысының Арал ауданында жалған нөмірмен көлік жүргізген мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түнгі рейд кезінде патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған ВАЗ көлігін тоқтатқан. 32 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде көлік басқарғаны және көлігіне жалған нөмір таққаны белгілі болды.
Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу