Қызылорда облысында пошта дронмен жеткізілетін болды

836

Қызылорда облысында пошта дронмен жеткізілетін болды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында "Қазпошта" АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Әбибуллаева мәлімдеді.

Аталған дронмен тез арада жетуі тиіс қажетті заттарды алыс-шалғай жерлерге жеткізу жоспарланып отыр.

"Бүгінде Қарағанды, Астана, Алматы облыстары бұл дрондар арқылы пошта сәлемдемелерін жеткізуде. Дрон 500 км дейін ұшады. Ол тек газет-журналдар ғана емес сондай-ақ, салмағы 5 килограммға дейінгі шағын сәлемдемелерді де жеткізуге қабілетті. Хат-хабарды автокөлікпен тасымалдауға шамамен 4 сағат уақыт жұмсалса, бұл аралықты дрон бар-жоғы 40 минутта еркін еңсереді. Ең бастысы – үнемді әрі қолайлы. Мұндай дрондарға ұсыныс берілді, 2019 жылға іске қосу жоспарланып отыр", – деді Аида Әбибуллаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу