Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, рейд барысында 362 әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталды.
– Тиісті құжатсыз көлік басқарудың 31, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 101, қауіпсіздік белдігін қайталап тақпаудың 44 дерегі тіркелді. Сонымен қатар көлік терезелерін заңсыз қараңғылау және ЛЭД жарық шамын орнатудың 36, күндізгі жарық шамын жақпаудың 10, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың 13 дерегі анықталды. 1 жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндесе, 8 адам автокөлік құжаттарын өзімен бірге алып жүрмеген, – делінген хабарламада.
Барлық құқықбұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 55 көлік айыппұл тұрағына қойылды. Осы орайда тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және заң талаптарын орындауға шақырады.