Қызылорда облысында шетелдік ғалымдар диқандарға су үнемдеу технологиясын үйретуде

Оның негізгі мақсаты – аймақта су тапшылығына орай жаңбырлатып, тамшылатып суару әдістерін енгізу. 

Қызылорда облысында шетелдік ғалымдар диқандарға су үнемдеу технологиясын үйретуде Фото: baq.kz

Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әртараптандыру жұмыстарын жалғастыру үшін малазықтық дақылдар көлемін 2300 гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын 222 гектарға, негізгі дақыл – күріштің көлемін 5400 гектарға ұлғайттық. Әлеуметтік маңызы бар дақылдарды егіп, жинап алуға ынталы тұрғындар үшін былтыр арнайы жер телімдері бөлінді. Осы игі бастама биыл да жалғасып, қала мен аудандарда 3 мың гектардан астам жер берілді. Қазір 5488 отбасына жер телімдері беріліп, аяқ су жүргізілді. Оның нәтижесінде тұрғындар өздерін қажетті өнімдермен қамтамасыз ете алады", – деді өңір басшысы. 

Бұл ретте ол аймақта су үнемдеу технологияларын пайдалану бойынша қолға алынған жобаларға тоқталды. 

"Украина ғалымдарымен бірлесіп, демонстрациялық алаң ашылуда. Оның негізгі мақсаты – су тапшылығына орай жаңбырлатып, тамшылатып суару әдістерімен әртараптандыру бағытындағы соя, күнбағыс, жүгері, бидай дақылдарының және күріштің бірнеше сортын тәжірибе ретінде енгізу", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу