Қызылорда облысында су қоймасы салынады

1000

Өңірде 21 канал жаңғыртылады.

Қызылорда облысында су қоймасы салынады

Нұр-Сұлтан өткен баспасөз конференцияда Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария өзенінің су деңгейі мен су қоймаларын салу және арналарды тазарту ісіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қызылорда өңірінде жалпы көлемі 775 млн текше метрді құрайтын Қараөзек су қоймасы салынады деп жоспарлануда. Құрғақшылық салдарынан Арал ауданында малдың жаппай қырылуы бізге елеулі сынақ болды. Суармалы судың жетіспеуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жедел шаралар нәтижесінде жағдай тұрақталды. Малшыларға көмек ретінде жем шөппен қамтамасыз етуге, сондай-ақ суат мәселесін шешуге, жайылымдарды, шабындықтарды суару және көл жүйелерін суландыру мәселелерін шешуге 600 млн теңге бөлінді", – деді Гүлшара Әбдіқалықова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу