Қызылорда облысында тауар бағасын тұрақтандыруға кеткен бюджет ақшасының қайтарымы қамтамасыз етілмеген

473

Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қызылорда облысында тауар бағасын тұрақтандыруға кеткен бюджет ақшасының қайтарымы қамтамасыз етілмеген Фото: inbusiness.kz

Қызылорда облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Байқоңыр Әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациясы (Байқоңыр)" акционерлік қоғамына өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында  бөлінген қаржының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізді, деп жазады inbusiness.kz

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде 2019-2021 жылдар кезеңінде бюджеттен бөлінген 852 579,9 мың теңгеге аймақтық тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарлар сатып алынып, әлеуметтік дүкендерге таратылғаны анықталды.

"Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына қосымшада көрсетілген үлгілік шарттың 8-бөлігі 1-тармағының талаптары сақталмай, "Байқоңыр Әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациясы (Байқоңыр)" акционерлік қоғамы мен "Алтын қамба "Агроөнеркәсіптік комбинаты" ЖШС арасындағы екіжақты келісімге қосымша келісім жасалмағаны, сонымен қатар,  азық-түлік, жемістер мен көкөністерді өткізу бойынша төлемдердің 852 579,9 мың теңге сомасындағы қаражаттардың бюджетке қайтарылуы қамтамасыз етілмегені анықталды. Департаментпен қолданылған қаржылық ден қою шаралары нәтижесінде "Алтын қамба Агроөнеркәсіптік комбинаты" ЖШС-нен 92 564,2 мың теңге өндірілді", - делінген хабарламада.

Бүгінде департаментпен 760 015,7 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтың қалған бөлігін өндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Департаменттің нұсқамасы тиісті түрде орындалмағандықтан акционерлік қоғам басшысына ӘҚБтК-нің 462-бабы 3) тармақшасымен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек аудиторлық іс-шара материалдары процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу