Қызылорда облысында "Үлгілі елді мекен" үздіктер конкурсы өтуде

544

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұратынын айтқан болатын. 

Қызылорда облысында "Үлгілі елді мекен" үздіктер конкурсы өтуде Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осы орайда Ел президентінің алдағы 2023-2027 жылдар аралығында "Болашағы бар ауылдарды дамытуға баса назар аудару керек" деген тапсырмасы аясында Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен жыл сайын үздік елді мекендер арасында "Үлгілі елді мекен" конкурсы биыл да жалғасуда. 
Конкурс елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру, жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету және елді мекендерді тазалық пен көгалдандыру шараларына ынталандыру мақсатында 1 наурыз бен 1 шілде аралығында өтуде. 

Аталмыш конкурсқа облыстық бюджеттен 467,4 млн теңге бөлінген. 

Екі кезеңнен тұратын конкурс нәтижесімен "Үлгілі ауыл", "Үлгілі аудан орталығы", "Қызылорда қаласының үлгілі шағын ауданы" номинациялары анықталатын болады. Жеңімпаздарды қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер мен еріктілерден құралған тәуелсіз комиссия таңдайды және таңдау барысында елді мекендердегі тазалыққа, көркейту-көгалдандыру және абаттандыруға сондай-ақ, сәулеттік келбетіне аса мән беріледі. Нәтижесінде, үздіктерге келесідей марапаттар табысталады.

Атап айтқанда, "Үлгілі аудан орталығы" номинациясы бойынша бірінші орынға арнайы жол тазалағыш және қалдық тасымалдаушы автокөлік, ассенизатор мен кран-манипулятор берілсе, екінші орынға қалдық тасымалдаушы көлік, ассенизатор және жол тазалаушы трактор, ал, үшінші орынға ассенизатор мен жол тазалаушы трактор сыйға берілетін болады.

"Үлгілі ауыл" номинациясын иеленген үш ауылға, яғни бірінші орын алған ауылға жер қазатын трактор мен самосвал автокөлігін, екінші орынға жер қазатын трактор мен тіркеме, ал үшінші орынға жер қазатын трактор табысталады.

Айта кетейік, номинация марапаты Қызылорда қаласындағы шағын аудандарға да берілетін болады. Нақтырақ айтқанда, "Қызылорда қаласының үлгілі шағын ауданы" номинациясы бойынша бірінші орынға сквер, спорттық алаң салу және көше-аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Екінші орынға балалар ойын алаңы мен спорттық ойын алаңы салынады, үшінші орынға сквер салынатын болады.

Бүгінгі күні конкурс техникалары кезең-кезеңімен алынуда. Жалпы сыйға берілетін 14 техниканың 6-ы жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу