Қызылорда облысында жаңа туған нәрестені медициналық мекемеге жедел жеткізу мақсатында ТЖМ "Қазавиақұтқару" әуе кемесі арнайы санитарлық рейс орындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тікұшақ "Қызылорда – Жосалы – Қызылорда" бағыты бойынша ұшып, нәрестені Қызылорда қаласына жеткізді.
Арнайы рейс барысында бортта әуе кемесінің экипаж мүшелерімен қатар медицина қызметкерлері де болды. Олар нәрестені тасымалдау кезінде қажетті медициналық бақылауды қамтамасыз етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу