"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Ұлытау облысы бойынша филиалы өңір тұрғындары арасында некені салтанатты түрде тіркеуге қызығушылық артқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
26.06.2026 күні 49 жұп неке қиюға өтініш білдірген.
Мамандар мұны әдемі күннің сәйкестігімен байланыстырады. Өңірде 2025 жылы 1 213-тен астам неке тіркелген болса, соның шамамен 10%-ы салтанатты форматта өткен. Биыл да бұл үрдіс жалғасып, жылдың алғашқы айларында 13 салтанатты тіркеу рәсімі өткізілген.
Салтанатты рәсімдер негізінен Сәтбаев қаласындағы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде ұйымдастырылады. Некені тіркеу қызметі электрондық үкімет порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.
Мерзім өтініш берілген күннен кейін 15 күнтізбелік күннен соң белгіленеді, ал рәсім форматы – салтанатты немесе стандартты – азаматтардың таңдауы бойынша анықталады.