Қызылорда облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

533

Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Қызылорда облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Қызылорда облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 23 тамыз күні сағат 16.00 кезінде болған. Самара-Шымкент тас жолының Қармақшы ауданы, Төребай би ауылының қасында Volkswagen Transporter автокөлігі және оған қарсы бағытта келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан. Audi автокөлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, екі көліктің 2 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

"Орын алған дерек Қазақстан Республикасы  ҚК-дің 345-бабының 4-бөлігімен СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу