Қызылорда облысында жолаушылардан артық ақы алған такси жүргізушісі жазаланды

216

Қызылорда облысында бағаны негізсіз көтерген такси жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облысында жолаушылардан артық ақы алған такси жүргізушісі жазаланды Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында шетел азаматтарының Қызылорда облысы Арал ауданындағы жергілікті такси жүргізушісінің жол ақысын көтергені туралы бейнежазба жариялағандығы анықталды.

Полиция қызметкерлері такси жүргізушісінің жеке басын анықтады. Ол Арал ауданының 50 жастағы тұрғыны болып шықты.
 
Такси жүргізушісі Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу бойынша және тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Полиция ескертеді: жолаушыларды тасымалдау қызметі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз такси қызметімен айналысуға, жолаушылардан негізсіз жоғары ақы талап етуге жол берілмейді. Аталған талаптарды бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу