Қызылорда облысында бір апта ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 8 мыңнан астам дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олардың басым бөлігі белгіленген жылдамдықты асыруға қатысты.
Өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.
Анықталған құқықбұзушылықтардың ішінде:
3 234 жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырған;
1 833 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған;
153 жағдайда маневр жасау және жол жүрісі қағидалары бұзылған;
55 жүргізуші қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, басып озу талаптарын сақтамаған.
Құзырлы органдар жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға және қауіпсіздік белдігін тағуға шақырады.