Қызылорда облысының әкімі автобуста жүр

1664

Облыс басшысы  тұрғындар тарапынан әлеуметтік желі арқылы келіп түскен мәселелер бойынша қоғамдық көліктердің жұмысымен танысты.

Қызылорда облысының әкімі автобуста жүр

Қызылорда облысының жаңа әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылорда қаласы нысандарының жұмысымен танысып, қалалық автобус паркін, Ғ. Мұратбаев атындағы орталық қалалық стадионды және Қызылорда ЖЭО аралады.

Қызылорда облыс әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс басшысы  жоспардан тыс, алдын-ала ескертусіз тұрғындар тарапынан әлеуметтік желі арқылы келіп түскен мәселелер бойынша № 11 бағыттағы автобуспен Тасбөгет кентіне барып, қоғамдық көліктердің жұмысымен танысты.

Автобус салонында Қуанышбек Ысқақов жолаушылармен сөйлесіп, олардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады,сондай-ақ облыс тұрғындарымен тікелей байланыс үшін өзінің Твиттер-аккаунты арқылы өңірді дамытуға қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, бірге жұмыс істеуге шақырды.

Сондай-ақ, өңір басшысы "Сәулет" шағын ауданында болып, тұрғындардың осындағы көлшіктің жанында заңсыз қоқыс тастау орны пайда болғаны туралы шағымдарын тыңдады.  

Аймақ басшысы қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нұриддиновке осы мәселені бір ай көлемінде шешуді тапсырды.

Одан бөлек, Қуанышбек Ысқақов "Қызылорда ЖЭО" МКК 2019-2020  жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.

"ҚЖЭО" МКК директоры Руслан Нұрмағамбетовтің хабарлауынша, қысқа әзірлік кестеге сәйкес жүргізілуде. Қондырғыларды ағымдағы жөндеуге арналған қаражаттың бір бөлігі, резервті мазут отынының қалдықтары кәсіпорын филиалдарының нормативтік-пайдалану қорында сақталуда.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу