Қызылорда облысының қоймаларына 22 мың тонна астық түсті

600

Оның барлығы – күріш. 

Қызылорда облысының қоймаларына 22 мың тонна астық түсті

Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміз бойынша Қызылорда облысынд ең жоғары өнімді - 54 ц / га тіркелгенін мәлім етті. Оған суармалы күріш алқаптары арқылы қол жеткізілген. Биылғы жылы облыста жалпы егіс көлемі 99,9 мың га құрады. 9 қазандағы жағдай бойынша 89,9 мың га күріш бастырылып, 482,1 мың тонна астық алынды.

Жалпы, елімізде 20 165,7 мың тонна астық бастырылды, оның 4 млн 607 мың 643,5 тоннасы астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсті. Орташа өнімділік гектарына 12,8 центнерді құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу