Қызылорда өңірінде былтыр 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

1311

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп берді.

Қызылорда өңірінде былтыр 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Тұрғын үйді жылдық іске қосу 2,6 есеге өсті, 2013 жылы 270 мың шаршы метр болса,  2018 жылы 700 мыңға дейін артты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үйдің айтарлықтай үлесі халықтың өз қаражаты есебінен де жүргізілуде. Былтыр 614 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынған. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы халықты тұрғын үймен қамту 34,6%-ға артқан. 2018 жылы 4,5 мыңнан артық жер теліміне инженерлік коммуникация тартылды, ал соңғы 4 жылда бұл көрсеткіш 28,5 мың учаскеден асты. 2019 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін тағы 3384 жер теліміне инженерлік коммуникациялар  жүргізіледі.

Сонымен қатар, 2018 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен облыс бойынша 70 тұрғын үйдің (1790 пәтер), өткен жылы пайдалануға берілген 56 тұрғын үй (1 222 пәтер) оның ішінде Арал қаласындағы апатты үйлердің тұрғындарына берілген 27 тұрғын үй мен жеке инвесторлар есебінен салынған 22 үй және сатып алу құқығынсыз 7 жалға берілетін тұрғын үйдің  құрылысы жүргізілді.

Бүгін Н.Бекежанов атындағы театрда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті, жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, 2019 жылға арналған жоспарларды баяндады.

Есепті кездесу Qyzylorda облыстық телеарнасының эфирінде, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми facebook парақшасында және youtube әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу