Қызылорда полицейлері кәсіпкерге 7,5 миллион теңге шығын келтірген алаяқты ұстады

440

Биыл 14 қаңтар күні Қызылорда қаласы полиция басқармасына ірі сауда үйінің иесі арызданған.  

Қызылорда полицейлері кәсіпкерге 7,5 миллион теңге шығын келтірген алаяқты ұстады Фото: polisia.kz

Былтыр 22 қарашада белгісіз азаматша WhatsApp арқылы онлайн түрде ең алғаш 514 мың теңгеге сырткиімге тапсырыс беріп, такси арқылы тауар алған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Одан кейін де әккі алаяқ басқа абоненттік номер арқылы тапсырыс берген. Жалған түбіртек жіберіп, InDrive арқылы Шымкентке тауар алдыртқан. Бірақ ешқандай қаражат аударылмаған. Тауар сатқан кәсіпкер полицияға арызданған.

Полицейлер күдіктіні іздестіру үшін тапсырыс беріп, сатып алған киімдерін апарып, тексеру мақсатында Шымкент қаласына барды. Сол сәтте ұсталған күдікті 34 жастағы азаматша өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленушіге 7,5 млн теңге залал келтірген.

Қылмыстық кодекстің  190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу