Республикалық маңызы бар "Қызылорда – Сексеуіл" автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын іске асыру аясында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мен Ислам даму банкі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Меморандумға қол қою көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және стратегиялық маңызы бар жол жобаларын іске асыруға халықаралық қаржы институттарын тартуға бағытталған кезекті қадам болды.
Жобаны іске асыру барысында жолды I-б техникалық санатқа ауыстыру, елді мекендерді айналып өтетін жолдар салу, жолдың жекелеген бөліктерін түзеу, жол жабынын жаңарту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және жол қозғалысы қауіпсіздігінің заманауи стандарттарын енгізу жоспарланып отыр.