"Қызылорда су жүйесі" кәсіпкерлерге қарызын төлемей жүр

1047

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде екі кәсіпкерге 2,1 миллион теңге көлемінде қаржы төленді.

"Қызылорда су жүйесі" кәсіпкерлерге қарызын төлемей жүр Фото: inbusiness.kz

Аймақ кәсіпкерлері "Қызылорда су жүйесі" ШЖҚ МКК-нан көрсеткен қызметтеріне орай алатын алашақ қаражаттарын ала алмай жүр. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салават Құлмахан айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Былтыр "Қызылорда су жүйесі" мекемесінің келесілген шартты міндеттемелерді орындамауға қатысты палатаға 15-тен астам өтініш тіркелген. Бүгінде оның 80 пайызы сот шешімдерімен берешек сомасы сот тәртібімен өндіріліп алыныпты. Ал жыл басынан бері 5 кәсіпкер өтініш білдірген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде екі кәсіпкерге 2,1 миллион теңге көлемінде қаржы төленген.

""Қызылорда су жүйесіне" кәсіпкерлер қызметі үшін төлем жасауды сұрап бірнеше рет хат жолданған, бірақ жауап жоқ. Тіпті Кәсіпкерлер палатасы да хат жолдады. Нәтижесіз. Бұл жерде мәселе тек сот арқылы шешілетінін жақсы түсінеміз. Алайда, сотқа жүгіну кәсіпкердің уақытын жейді. Сондықтан біз тапсырыс берушілерден уақытылы төлем жасауды сұраймыз", - дейді Салават Құлмахан.

Биылғы жылдың екі айында Кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 71 өтініш келіп түсті, оның 12-сі оң шешімін тапқан. Осылайша, Палата заңгерлері кәсіпкерлердің 31 миллион теңгесін сақтап қалды. Қалған өтініштер бойынша бүгінде жұмыстар жүргізілуде.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу