Қызылорда тұрғыны суретке түсу үшін "Спартандық" дулыға киіп, шеше алмай қалған

588

Қызылорда тұрғыны естелік үшін суретке түсемін деп қиындыққа тап болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызылорда тұрғыны суретке түсу үшін "Спартандық" дулыға киіп, шеше алмай қалған Фото: ТЖМ

Ол "Спартандық" дулыға киіп, темір дулығаны басынан шеше алмай қалған. Салдарынан құтқарушыларды шақыруға тура келді.

"Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға шешілмей жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Тұрғынның досы суретке түспек болып, басына темір дулыға киген, алайда оны шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматқа зиян келтірмей, дулығаны шеше алды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу