Қызылорда-Жезқазған автожолын жаңғыртуға қаржы қажет

885

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қызылорда-Жезқазған автожолын жаңғырту мәселесін халықаралық ұйымдардан қарыз алу арқылы шешуге болатынын баяндады. 

Қызылорда-Жезқазған автожолын жаңғыртуға қаржы қажет Фото: Максим Морозов

Шетелден қарыз алу бастамасын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көтеріп отырған көрінеді, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"2025 жылға дейін республикалық маңызы бар барлық автожолды қайта жаңарту үшін ұзындығы 4,3 мың шақырымды құрайтын жаңа жоба жүзеге асырылады. 2021-2025 жылдарды 10 мың шақырым автожол жөнделеді. Биыл жыл соңына дейін біз жалпы ұзындығы 607 шақырымды құрайтын 4 жаңа автожол жобасын бастауды жоспарлап отырмыз", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Министрдің сөзінше, оның бірі – Қызылорда-Жезқазған автожолы. 

"Жалпы ұзындығы 427 шақырым болатын жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін Азия даму банкі мен Еуропа қайта құру және даму банкінің қарызы есебінен мемлекеттік кепілдеме негізінде қаржыландыру жоспарланған. Жыл соңына дейін банктермен несие келісімінеп қол қою және мердігер ұйымдарды анықтау көзделген. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ экономикалық сараптамадан өткізу үшін техника экономикалық негіздемені жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ банк жобаны бағалап жатыр", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу