Қызылорда-Жезқазған автожолында балшыққа батып қалған жолаушы құтқарылды

707

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, автожолда балшыққа батып қалған жүргізуші құтқарылды.  

Қызылорда-Жезқазған автожолында балшыққа батып қалған жолаушы құтқарылды Фото: Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметі

8 қаңтарда сағат 13.59 минут өткенде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына ақпарат түсті. Онда "Қызылорда-Жезқазған" автожолының 30-шақырымында, автожолдан оң жақ бағытта шамамен 10 шақырым жерде бортты "Газель" маркалы автокөлік балшыққа батып қалғаны айтылған.

"Оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер 1 техникамен барды. Сағат 18.30-да департамент мамандары күшімен балшықта қалып қойған көлік Досан ауылына дейін жеткізілді. Салонда болған 34 жастағы жүргізуші одан әрі жолын жалғастырды", - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу