Қызылорда–Жезқазған жолын салу барысында кемшіліктер анықталды

143

Мамандар жыл басынан бері жол-құрылыс материалдарынан 201 сынама алып, оның 11-нен ақау тапты.

Қызылорда–Жезқазған жолын салу барысында кемшіліктер анықталды Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Қызылорда облыстық филиалының өкілдері Қызылорда–Жезқазған жолының сапасын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

40 жылда бірде-бір рет жөндеу көрмеген күре жолды қайта жаңғырту жұмысы қызу жүріп жатыр. Оның 204 шақырымы облыс территориясынан өтеді. Бүгінде соның 180 шақырымнан астам бөлігіне асфальт жабындысы салынды.

 Жаңадан төселген жол жабындысынан алынған 8 сынама стандартқа сәйкес болмай шықты. Соның 4-і қайта асфальтталып, қалпына келтірілді. Мердігерлер енді басқа кемшіліктерді түзеуге күш салып жатыр.

Қызылорда–Жеқазған жолының Қызылордадағы бөлігін биыл аяқтау жоспарланған. Ал Ұлытау бөлігіндегі жұмыс басталып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу