Қызылордада "Даму-Көмек" бағдарламасы аясында 150-ге жуық мүгедек кәсіпкер қолдау алған

1299

Қызылордада "Даму-Көмек" бағдарламасы аясында 150-ге жуық мүгедек кәсіпкер қолдау алған

Қызылорда облысында "Даму-Көмек" бағдарламасы жүзеге асқан уақыттан бері 150-ге жуық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер көмекке ие болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бағдарлама аясында мүгедектерге бизнес жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар мен құрылғыларды белгілі кәсіпкерлер демеушілік көмек түрінде табыстайды. Бағдарламаның тағы бір бағыты – қашықтықтан оқыту әдісімен бастауыш және әрекет етуші мүгедек-кәсіпкерлердің біліктілігін көтеру болып табылады.

Сондай-ақ, "Даму" қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жүйелі түрде кәсіпкерліктің экспресс-курсы ұйымдастырылады.  

"Даму-Көмек" бағдарламасына қатысушылардың бірі – Бақыткүл Оспанова. Екінші топтағы мүгедек өз кәсібін үш жыл бұрын бастаған. "Даму" қорына Бақыткүл шаш қиятын электрлі машинканы алып беру жөнінде өтініш білдіріпті. Осыдан соң ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, "Жұлдыздарға қара" конкурсына қатысты. Қайтарымсыз грант ұтқып, өзінің шағын шаштаразын ашуға мүмкіндік алды. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкердің сөзінше гранттық қаражатқа ол барлық құрал-жабдықтарды сатып алды. Ал шаштараз орналасқан ғимаратты ол әзірше жалға алып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу