"Қазсушар" РМК облыстық филиалын тексеру барысында 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегені белгілі болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл ретте қаражат жалпы жеткізу көлеміне толық аударылған (60 мың тонна). Табиғи материал Көкарал бөгетінің стратегиялық нысанын нығайту үшін өте қажет зат саналады. Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 188 миллион теңгеден аса шығын келген.
– Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді (лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру, аса iрi мөлшерде жасаған).
Соттың санкциясымен "Қазсушар" РМК филиалының бес лауазымды тұлғасы мен бас мердігер қамауға алынды, – деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Қылмыстық істі облыстың арнайы прокурорлары тергеген.
Қазіргі уақытта ол бойынша іс аяқталып, сотқа жіберілді.