Қызылордада 1901 жылы жасалған сағат бұзылмай жүріп тұр

832

Қызылордада 1901 жылы жасалған сағат бұзылмай жүріп тұр

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Ақмешіт" филиалында 2 мыңға тарту құнды жәдігерлер сақтаулы тұр. Солардың бірі - жасалғанына бір ғасырдан астам уақыт өткен "Le Roi a Paris" сағаты. Француз тілінен аударғанда "Париж патшасы" деген мағынаны білдіретін бұл жәдігердің пайдаланылып келе жатқанына биыл 117 жыл толып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат әлі күнге дейін тоқтамастан жүріп тұр. Оны музейге Қызылорда қаласының тұрғыны табыс еткен. Сағат ерекше шеберлікпен құрастырылған. Бүгінге дейін толық сақталған. Кәдімгі үй жиһаздары секілді алыстан көзге түсетін асыл дүние өте мұқият жасалғаны аңғарылады.

"Біздің қолымыздағы деректер бойынша бұл бұйым 1901 жылы жасалғаны белгілі. Сағат облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына 2003 жылғы 20 маусымда тіркеуге алынған. 2004 жылдың 15 желтоқсанынан бастап бұл сағат құнды әрі сирек жәдігер ретінде біздің музейдің экспозициясына қойылды", - дейді филиал меңгерушісі Кенжегүл Ахметова.

Сағатты жасаушылар шикізат ретінде қызыл ағашты қолданған. Сағаттың биіктігі - 1 метр, ені - 36 сантиметр. Мұндай дүниелер өткен ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап Германияда шығарыла бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу