Қызылордада 2 жасар баланың асқазанынан зергерлік бұйымдар шықты

377

Баланың анасы зергерлік бұйымдарының жоғалғанын бірден байқамаған. Оларды үйден таппаған соң кішкентай ұлы оларды жұтып қойған болуы мүмкін деп күдіктенген. 

Қызылордада 2 жасар баланың асқазанынан зергерлік бұйымдар шықты Фото: Қызылорда облысы көпсалалы балалар ауруханасы

Қызылордалық дәрігерлер екі жасар баланың асқазанынан алтын білезік пен сырға алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әртүрлі ұсақ заттарды жұтқан балалардың ата-аналары ауруханаға жиі жүгінеді. Көбіне бұл - монеталар, тастар, магниттер немесе батареялар. Бірақ алтын зергерлік бұйымдарды жұтып қойған жағдай алғаш рет болып тұр.

"Баланы эндоскоппен қарадық. Асқазанынан бөгде зат табылды. Ол - алтын бұйымдар. Біз оларды алып тастадық", дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскопист дәрігері Серік Нүсіпқожаев.

Жыл басынан бері облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері осындай 25-ке жуық ота жасаған. Дәрігерлер денеге бөгде заттың түсуінің белгілері суық тигендей болатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу