Қызылордада 20 жыл кезек күткендерге жер беріле бастады

151

Қызылорда қаласында жер кезегін сарыла күткен 70 мыңнан астам адамның алды жылжи бастады.    

Қызылордада 20 жыл кезек күткендерге жер беріле бастады Фото: shutterstock.com

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес азаматтардың өтініші бөліп беруге арналған алаңдар немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар дайын болған кезде қанағаттандырылады.

– Былтыр біз прокуратурамен бірге жұмыс атқардық. Сол кезде 2005 жылғы арыз иелерінен жер ала алмай жүрген 300-дей адам қалған екен. Олардың барлығына хабарлама жолданды. Биыл 1 қаңтардан 2006 жылдың бірінші жартысында кезекке тұрған азаматтарға жер бере бастадық. Жылжу бар. Жер телімдері негізінен қаланың "Бәйтерек" шағын ауданынан беріліп жатыр. Сұранысқа сәйкес ауылдардан да үлестіріледі, – деді қала әкімі Нұржан Ахатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу